Мэрилин Монроның қымбат көйлегі аукционда сатылады

Жариялаған: , уақыты 08.09.2016 , 781 рет оқылды

Американың президенті Джон Кеннедидің 45-туған күнінде киген Мэрилин Монро көйлегі аукционда сатылады. Бұл туралы Vanity fair журналына сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады.

17 қараша күні Лос- Анджелесте Jean Louis маркалы дене түстес көйлек сатылымға шығарылады, оның эстимейті екі-үш миллион доллар тұрады екен.

Дәл осы көйлекпен Монро 1962 жылы 19 мамырда Мэдисон-сквер-гарден сахнасында 15 мың көрермен алдында «Туған күніңмен» әнін орындаған еді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.