Композитор Еркеш Шәкеев өзінің ұлы туралы фильм шығарды

Жариялаған: , уақыты 06.09.2016 , 902 рет оқылды

Композитор, ақын Еркеш Шәкеев жақында суға кетіп қайтыс болған ұлы Сафар Шәкеевке арнап фильм түсірді деп хабарлайды Қазақпарат композитордың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

«Ұлымның туған күніне орай, еріктілер мен достары үшін екі досыммен бірігіп фильм жасадым. Сафар 25 жасқа толмай жатып, шет елдерде өз елінің даңқын шығарды»  – дейді Еркеш Шәкеев.

Сонымен қатар, композитор, ұлының өлімінің себебін де айтып өтті:

«Ол (Сафар Шәкеев – ред.) жазатайым оқиғадан қаза тапты, Есентай өзені бөгетіндегі шлюзге өте жақын барған. Ондағы өзен жағалауы құлауы әбден мүмкін, себебі оны соңғы рет көрген жер қазір өзеннен тым алыс. Куәгер қыз ұлымның қай жерде отырғанын көрсетті, бетін жуып отырғанын айтты. Бірақ қазір ол жерден суға қол созу мүмкін емес»- деп жазған екен.

Айта кетейік, кеше Сафар Шәкеевті еске алу кеші өтті. Жас жігіттің денесі 28 шілде күні Есентай өзенінен табылды. Сафар Шәкеевтің із-түзсіз жоғалып кеткені туралы мәлімдеме 16 шілде күні жарияланды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.