“Қазақстан дауысы” жобасы “Голос Казахстана” деген атаумен “Еуразия” бірінші арнасында көрсетілмек!

Жариялаған: , уақыты 19.06.2016 , 1 458 рет оқылды

“Қазақстан” Ұлттық арнасында 3 маусым көрсетіліп, көпшіліктің көңілінен шыққан “Қазақстан дауысы” жобасы енді “Еуразия” бірінші арнасында орыс тілінде “Голос Казахстана”-деген атаумен жарыққа шықпақ.

Жобаның бұл жолғы тәлімгерлері орыс тілді танымал тұлғалар болмақ, олар танымал әншілер Нұрлан Абдуллин мен Әли Оқапов, тағы бір тәлімгерлердің бірі вокалист Ева Бехер. Төртінші тәлімгердің есімін ұйымдастырушылар әзірге құпия сақтап отыр, жобаның барысының төртінші тәлімгерді де білетін боламыз. Ал бағдарламаның жүргізушісі танымал актер, “Артишок” театрының актері Чингиз Капин болмақ.

Қазіргі таңда алғашқы кезеңнің түсірілімдері түсіріліп жатыр, жоба жеңімпазы 7 000 000 теңгеге ие болады, одан бөлек бұл жобаның балаларға арналған түрі де басталмақ, жоба “Голос дети”-деген атаумен жарыққа шықпақ, балалардың ішіндегі ең үздік орындаушы 3 000 000 теңгеге ие болады.

3 пікір

  1. Erkebulan

    19.06.2016 at 16:16

    Калай катысуга болат

  2. сая

    11.07.2016 at 02:35

    Калай катысуға болат…

  3. Мейрманнов жасын

    28.02.2018 at 22:33

    Мен казакстан дауысына катыскым келед кайтып катысуга болад мен ан айтканды жаксы корем талай конкурстарда орын алгам

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.