Нұржан Тәжікенов: Әртіс ол – тек әнші емес…

Жариялаған: , уақыты 12.06.2016 , 771 рет оқылды

Нұржан сіз күйші болып бастадыңыз,қазіргі таңда ән айтып жүрсіз! Әнді аяқ аяқ айтып кеттіңіз бе?

-Жоқ әрине аяқ асты емес. Бұл да бір Алла берген өнерім ғой. Аяқ асты шығарылған өнер емес. Жалпы мен домбыраға бармас бұрын ән айтып келгенмін.3 жасымда Республикалық әнші балапан байқауына қатысып, бас жүлде алғанмын.Содан 10 жасыма дейін ән айтып келем.10 жасымнан бастап музыкалық мектепке барамда домбыраға қызығушылығым қатты артып кетеді де,домбыра үйреніп кетем,Әнді сол кезде тоқтатам.

Әншілік жақтан ла-ла-лей әніне тоқталсақ…Ол қалай өмірге келді?

Мен жалпы күйшілік жағынан  өз орнымды қоя алдым деп ойлаймын.Кейіннен продюссерім Баян Мақсатқызы ұсыныс білдірді.Неге ән айтпасқа деп.Әншіліктің бірінші қадамым деп айтайын Ла-ла-лей әнім алғашқы туындым болды.Соны шығардық Аллаға шүкір халық жылы қабылдадаы.Халық оған билейді екен.Тойда қойылады екен. Жастар флешмоб билейді екен.Содан бір идея пайда болды.Солай бейнебаянда түсірдік

Сын-пікір айтылды ма? осы әнге?

Әрине ол міндетті түрде ғой (күліп) әлеуметтік желілерде әңгімелер өрбіді мынау не ән? Сөзі жоқ қалай-Қалай? деген сияқты. Халық оны біреуі түсінсе,біреуі түсінбей жатты. Негізінде бұл жерде акцент әнде емес, бұл жерде акцент аспапта екенін көбісі түсіне берген жоқ.Сосын біз неге қайырмасын ән қылып шығармасқа дедікте біз «Айналайын» атты әнімді шығардық.

Басқа қандай қырыңыз бар?

Жігітке жеті өнерде аз дейді ғой.Қазіргі таңда күйшіліктен басқа әншілік жолды да алып жүрміз.Бірақ одан бөлек актерлық бағытта да өзімді сынап көрдім.Өздеріңіз білесіздер.Нұрғиса Тлендиев атамыздың рухына бағышталып, «Құстар әні» деп аталатын 5 бөлімді көркем фильм түсірілген болатын. Сол жерде сол кісінің шәкірті Дәулет есімді жігіттің рөлін сомдаған болатынмын.Осы кез актерлық бағыттағы алғашқы қырым болатын.

 Осы бағытта жүргеніңізге өкініш жоқ па?

Жоқ әрине.Мен керісінше қуанам.Кейде өзіміздің үлкен ағаларымыз маған былай деп жатады: «Домбыраны көргенде сені, сені көргенде домбыраны» елестетеміз деп. Мен бұл сөзді мақтаныпта,марқайыпта айта аламын.Менің жеке кештерім болды көптеген қалаларға барып қайттым.Сол жердегі менің бір қуанғаным халық мені өте жылы қарсы алды,Ыстық ықыластарын білдіріп жатты.Сол кезде мен түсіндім бұл жолды мен босқа таңдамаған екенмін деп.

Қалай ойлайсыз ары қарай актерлікті де алып жүресіз бе?

Әрине! Жалпы мен ойлаймын. Бізге әртіс деп атақ беріп жатады ғой. Әртіс ол тек әнші емес, күйші емес, актер емес, ол жан-жақты аспап болуы керек.Әртіске сегіз қырлы бір сырлы адам кіреді.

Біздің эстрадамызға келген домбырамен Асылбек Еңсепов және сіз деп жатады. Сіз осы ойға келісесіз бе?!

Жоқ. Мен бұл оймен келіспеймін.Эстрадаға домбырамен алғаш келген Асылбек Еңсепов емес.Ең бірінші бастаған Айгүл Үлкенбаева апамыз болған.Одан кейін жарыққа шығарушы, бағытқа салушы,Асылбектің әкесі марқұм Жасарал Еңсепов. Одан кейінгі орындаушы Асылбек Еңсепов болып табылады.

«Жұлдыздар Әлемі» порталына айтатын тілегіңіз…

Жұлдыздар жайлы қазақша ақпарат тарататын бірегей портал өздеріңізсіздер! Сіздерге шығарашылық табыс тілеймін.Оқырмандарыңыз арта берсін.

Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға үлкен рахмет! Халыққа берер жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын…

Сұхбат мамыр айында алынды!

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Мәтінді терген Гүлнұр Серікбай

Жұлдыздар әлемі

Авторы: Жұлдыздар әлемі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.