Тележүргізуші Жанат Бақыт сән үйін ашты

Жариялаған: , уақыты 18.05.2016 , 2 292 рет оқылды

Танымал тележурналист өзінің “Жанат Бақыт сән үйі” атты сән үйін ашты. Тележүргізушінің сән үйінде қыз-келіншектер қазақы нақыштағы көйлек, камзолдарды ала алады.

“Достар! Жағымды жаңалықпен бөлісейін деп отырмын. Отандық дизайнерлерді қолдау мақсатында Алматы қаласынан қазақы нақыштағы киімдер сатылатын сән үйін аштым. Салонда қыз-келіншектерге арналған “Асылмұра”, “Ғани Көбеев”, “Аңсаған Мұстафа”, Әлия Әлібекқызы т.б. отандық дизайнерлердің көйлек, жилет, костюм, футболка, сөмке, алқа, белдіктері сатылады.
Сондай-ақ, кешкі, той, ұзату, қазақы нақыштағы көйлек, камзолдарын жалға (прокатқа) алып, кештің ең сұлу xаншайымы болыңыз!
Және кешкі бренд көйлегіңізді бізге жалға өткізсеңіз болады” – дейді тележүргізші өзінің инстаграм желісінде!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.