Ләйлә Сұлтанқызы: “Сидхарт Шухланы қарсы алған халық көп болды”

Жариялаған: , уақыты 03.03.2015 , 3 611 рет оқылды

Қазақстан Ұлттық арнасынан көрсетіліп жатқан “Келін” телехикаясының басты кейіпкерлерінің бірі Сидхарт Шухланың елге келуі әлеуметтік желілерде әр түрлі пікірге себеп болды.

Осыған байланысты “Жұлдыздар әлемі” порталы үнді актерін елімізге келуіне мұрындық болған Ұлттық арнасының екі бағдарламасы “Әйел бақыты” мен “Түнгі студия” жүргізушілерінің пікірін білген еді. 

Ләйлә Сұлтанқызы, “Әйел бақыты” ток-шоуының жүргізушісі:

– Ләйлә ханым, Сидхарт Шухланы астаналықтар қалай қарсы алуда?

Жалпы өзім аэропортта қарсы алуға бардым. Сол кезде оны таныған, арнайы қарсы алуға барған халық көп болды. Одан кейін Мегадағы, Ханшатырдағы нөпір халықты көрдім. Жалпы Келін сериалына деген  халықтың қызығушылығы жоғары ғой. Ауылдық жердегілердің көпшілігі біледі ғой, ал қалалық жердегілер көп біле қоймауы мүмкін. Бірақ жарнама жақсы жүріп жатыр, тіпті ең болмағанда қазіргі заманның Митхун Чакрабортиі қандай деген қызығушылықпен келіп жатқандар да бар болар.

01– Әлеуметтік желілерде осындай әртістерді неге әкеледі деген пікірлер болып жатыр… Оған не айтасыз?

Егер халықтың ықыласы жоғары болса неге әкелмеуіміз керек? Фильмнің құқығы бар компания өздері шақырып жатқан болса, елімізде ол әртістердің өнеріне табынушылар болса, онда тұрған не бар екен? Ең бастысы Ұлттық арна өз көрермендері үшін жақсы жұмыстар атқарып жатыр деген ойдамын. Бұйырса «Түнгі студия» мен «Әйел бақытына» қатысатын болады деп жоспарлап отырмыз.

Дәулет Бижанов, “Түнгі студия” бағдарламасының жүргізушісі:

– Дәулет, Қазақстан ұлттық арнасы бірнеше елдің телехикаясын көрсетіп келеді. Бірақ неге осы үнді актерлеріне таңдау түсіп отыр?

11040776_833261133434627_1446419799_nСоңғы кезде Қазақстан мен Үндістан арасында осы телевизия саласында байланыс нығайып келеді. Ұлттық арна да үнді телехикаясын ең бірінші көрсеткен арна болатын. Біз халықтың сұранысын қамтамасыз етуге тырысамыз. Сол бойынша шақырып отырмыз.

– Тағы басқа қандай актерлерді шақыруды жоспарлап отырсыздар?

Бұйырса алдағы уақытта Ресей жұлдыздарын, корей актерлерін, мысалы Ли Мин Хо секілді әртістерін шақыру ойда бар. Сонымен қатар сәті түсіп жатса, Голливуд жұлдыздарын да шақыртуымыз мүмкін. Бізде өзге елдермен шығармашылық байланыс енді-енді орнығып келеді. Толыққанды жұмыс істей бастаған кезде, қалаған жұлдыздармен кездесе алатын боламыз деген ойдамын.

– Ал осы келін сериалының тағы басқа кейіпкерлерін шақыруларыңыз мүмкін бе?

Нақты жауап бере алмаймын. Бәрі мүмкін. Егер телехикаяда елдің назарын аударған кейіпкер шығып жатса, жұрт көңілінен шығып, сұраныс тудырып жатса, неге шақырмасқа? Жаңағы айтқандай, ел сүйіп көретін кейіпкерімен кездестіру жақсы емес пе?!

– Үндістаннан басқа, қандай елдің жұлдыздары «Түнгі студияға» қонаққа келді?

Көп шақырылды. АҚШ-тан, яғни елорданың «Барыс» хоккей клубының америкалық легионерлері, Ресей жұлдыздары, Франциялық атақты дизайнер Тара Жармон, т.б. жұлдыздар қонақ болды.

3 пікір

  1. Марат

    12.01.2016 at 10:35

    Салем

    • Марат

      12.01.2016 at 10:38

      Атанбаев Марат айел бакыты багдарламсы осыган жауап бар едi

  2. Марат

    12.01.2016 at 10:39

    Атанбаев Марат айел бакыты багдарламсы осыган жауап бар едi.?

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.