Сидхарт Шухла, актер: “Қазақтар бізге қатты ұқсайды екен”

Жариялаған: , уақыты 03.03.2015 , 3 209 рет оқылды

Қазақстан ұлттық арнасы “Келін” атты телехикаяны көрсетіп келе жатқаны белгілі. Сонымен қатар елімізде жоғары рейтингке ие болған бұл сериалдың кейіпкерлерін елге шақырып та келеді. Осыдан бір жарым жыл бұрын басты рөлді сомдаған Авика Горды шақырса, бұл жолы тағы бір басты кейіпкерлердің бірі Сидхарт Шухла қонақ боп келді. Келе салып, қазақстандықтардың ыстық ықыласына ие болған үнді актерінің “Жұлдыздар әлемі” порталына берген шағын сұхбатын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Сидхарт, Қазақстанға қош келдіңіз! Көңіл-күйіңіз қалай?

– Мен үшін Астанада, Қазақстанда болу өте керемет сезім. Осында болудан рахат аламын. Өйткені Астананың адамдары өте қонақжай, жылулығын көрсетіп жатыр. Сезімдерін білдіре алады. Жаңағы маған деген махаббаттары өте керемет. Қазақстанда болған аз уақыт ішінде байқағаным, қазақ халқы мен үнді халқының арасындағы ұқсастықтар өте көп екен. Сіздердің үлкендерге құрмет көрсетулеріңіз, отбасыларыңызға көп мән беретіндеріңіз бәрі үнді халқына қатты ұқсайды.

1533141_833261140101293_1666660354_n

Бұрын Қазақстан туралы естіп пе едіңіз?

– Әрине,  естігем. Тіпті бұдан біраз бұрын Қазақстанға келейін деп тұрып, жол түспей қалды. Түркияда бір байқауда «Үздік модель» атанғанмын. Сондықтан Қазақстанға осы бағытта шоу жасау керектұғын. Бірақ аяқ астынан Үндістанда үлкен жарнамаға түсетін болып, жоспар өзгеріп кетті.

11039708_833261063434634_1407363229_n

Түркиядағы «Үздік модель» атағынан басқа тағы қандай жетістігіңіз бар?

– Мен 2004 жылы Үндістанда модельдердің ең үлкен байқауын жеңіп алғанмын. Содан кейін 2006 дүниежүзілік  «Жігіттер сайысында» бас жүлде иелендім. Бұл сайыс «Әлем аруы» секілді, жігіттер арасында өткізіліп келеді. Азия елдерінен бұл байқауда бұрын соңды жеңімпаз болмаған екен. Яғни Азиядан шыққан тұңғыш жеңімпаз мен екенмін. Одан кейін көптеген әлемдік брендтермен жұмыс істедім. 2008 жылы ең бірінші телехикаяға түстім. Ал «Келін» мен түскен төртінші телехикая. Сонымен қатар «Humpty Sharma Ki Dulhania» деген фильмге де түскен болатынмын.

Үндістанда актер болуы қаншалықты қиын?

– Өмірде ештеңе оңайлықпен беріле бермейді. Оның үстіне Үндістанда халық саны көп. Әрі олардың бәрі актер болғысы келеді. Бізде олардың беделі өте жоғары.

11040783_833261146767959_345455830_n

Үндістан халқы үшін ең танымал актерлер кім?

– Ерлер арасынан: Амитабх Баччан, Шахрукх Кхан, Салман Кхан, Ритик Грошан, Амир Кхан, Акшай Кумар, әйелдер арасынан: Шридеви, Айшвария Рай секілді, т.б. әртістердің атағы аспандап тұр деп ойлаймын.

Үлгі тұтатын актеріңіз бар ма?

– Амитабх Баччан!

Сізге көп рахмет, Сидхарт, ашық әңгімеңіз үшін «Жұлдыздар әлемі» порталының атынан алғыс айтамыз!

5 пікір

  1. Ақзер

    04.03.2015 at 13:40

    Осы Шив келді деп “кумирлары” алып ұшты ғой. Бұған сан түрлі керағар пікірлер де жетіп артты. Бірақ, әркімнің өз қызығушылығы мен өз пікірі болады го. Неге сонша Шивті жарнамаладыңдар деп сөгеді екен. Мәселен, сол адамдардың ұнататын әртістерін шақырса ол да алып ұшар еді ғой. Сондықтан бір-бірімізбен сыйлассақ етті. Зато Ол біздің Қазақстанды танып кетті. Мына, жазылған сұхбатынан да біздің елге деген ыстық ықыласыз сезініп, Шивты жақсы көріп кеттім….

    • Нұрсұлтан

      05.03.2015 at 10:34

      Шақырғаны дұрысқой, бірақ қыруар ақшаны не болса соған шашқаны жөн болмады.Ақша көктен жаңбыр сияқты жауса мейлі еді.

    • Қолқоюсыз

      06.03.2015 at 23:57

      “Кумир” емес,”фанат” шығар?

    • Асел

      25.05.2017 at 00:22

      Шив пен ананди екеуи келын телехаясында кушты ойнады маган унады жарайсындар

    • Асел

      25.05.2017 at 00:23

      Шив пен ананди екеуи келын телехаясында кушты ойнады маган унады жарайсындар!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.