Журналистер отбасы - Жұлдыздар Әлемі

Журналистер отбасы

Жариялаған: , уақыты 15.04.2016 , 3  098 рет оқылды

Еліміздің телеарналарында жаңалықтар, ток-шоу, шоу бағдарламалар жүргізіп жүрген отандық журналистердің отбасылары туралы көп біле бермейміз, ендеше журналистердің отбасыларымен таныс болайық.

Ғани Жапишов – “Хабар” телеарнасындағы жаңалықтар авторы, әрі жүргізушісі. Ғани Өтепбайұлының жарының есімі Лаура және Мағзұм, Мәулен атты екі ұлы бар. Үлкен ұлы 6 жаста, ал кіші ұлы 4 жаста.

“Қазақстан” ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлының да үш баласы бар екен. 5 жасар Айназ және 4 жасар Едіге және 9 айлық Айзия әкесінің көз қуанышы. Мейіржан Әлібекұлының жары – Гүлназ атты сырдың сұлуы.

Мейірэан Әлібекұлы

Белгілі тележүргізуші, “Хабар” арнасының жұлдызы Ақсәуле Әлжан да отбасының сүйікті жары, аяулы ана. Ақсәуленің Әлиасқар есімді 6 жасар ұлы бар.

Фото: kerekinfo.kz

Фото: kerekinfo.kz

Танымал журналист Майя Бекбаеваның бір отбасының тірегі болып отыр. Тележүргізушінің жолдасының есімі – Әділ Нұртай есімді журналист. Журналистерден құралған отбасы 9 жасар Айлин және 4 жасар Жангир есімді балаларды тәрбиелеп отырғанын көпшілік біле бермейді.

Фото: yvision.kz

Фото: yvision.kz

Бір пікір

  1. Индира

    19.04.2016 at 14:54

    Жангира есимди кыз емес, Жангир есимди ул шыгар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.