Көктемде өтетін концерттер

Жариялаған: , уақыты 19.03.2016 , 2 617 рет оқылды

Белгілі композитор Ұлықпан Жолдасов Алматыда ән кешін өткізбекші. Концерт  Алматы қаласының 1000 жылдығына орай 1 мамыр күні Республика сарайына болады. Композитор жуырда ғана Астана қаласындағы “Қазақстан” концерт-залында дүбірлі кеш өткізген болатын.

Көктем тек  Ұлықпан Жолдасовқа ғана емес, басқа да әншілерге қолайлы уақыт секілді. Өйткені жақын арада бірнеше шығармашылық кештер өткелі жатыр.

Жолдасовтың жерлесі, әрі шәкірті Ақылбек Жеменей де 15-сәуір күні Алматыда өтетін жеке ән кешіне дайындалу үстінде. Концертте М. Бесбаев, Р. Зайытов, Т. Асар, А.Қосанова, Б. Ретбаев сынды белгілі әншілер қатысады.

Screenshot_3

Сонымен қатар композитор Кеңес Дүйсекеев те шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отыр. Қазақ ән өнеріне көп хит ән сыйлаған композитор концертін Астана қаласында 26 наурыз күні өткізуге дайындалуда. Кеште Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, А. Мейірбеков, М. Ильясова  секілді сахнаның майын ішкен майталмандар өнер көрсетеді.

Screenshot_4

“Славян базары” байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов те аймақтарда жеке концертіне дайындалу үстінде. Әншінің концерті 9 наурыз Орал қаласынан бастап барлық облыста өтпек. Концерттің қонақтары, әлбетте, әншінің ата-анасы Қанат-Света Құдайбергеновтер.

Screenshot_5

Ал белгілі домбырашы әрі күйші Нұржан Тәжікенов шығармашылық кешін батыстан бастауды шешіпті.  Домбырашының концерті 3-сәуір Орал қаласынан бастап, бүкіл еліміздің батыс облыстарда өтпек.  Сонымен қатар Нұржан тыңдармандарына өзін әншілік қырынан да көрсетіп, таң қалдырмақ. Домбырашы  осы концерт үшін бірнеше ән дайындап та қойыпты.

Screenshot_1

Несі бар, елімізде ән көп шырқалса, ол – тыныштықтың белгісі емес пе?! Ендеше көгімізде ән қалқи берсін. Барша өнер майталмандарының концерттері сәтті өткей деп тілейміз!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.