Альмира Ахатова: “Кітап оқымайтын қыз “Қазақ аруы” атануы мүмкін емес”

Жариялаған: , уақыты 19.03.2016 , 2 713 рет оқылды

“Орталық Хабар” бағдарламасында қонақ болып, сұхбат берген “Қазақ аруы-2016” Ұлттық сұлулар байқауының жеңімпазы – Альмира Ахатова осылай деді.

Кітап оқымайтын қазақ қызы Қазақ аруы атануы мүмкін емес. Өйткені бұл байқаудың ерекшелігі сырт келбетті ғана емес, біліміңді, біліктігіңді саралайтын, сынайтын байқау. Сондықтан кітап оқымайтын қазақ қызының бұл байқаудан сүренбей өтуі мүмкін емес деп айтуға болады”- дейді ару қыз.

Қазақ аруы Ұлы Абайдың 120 дай өлеңдерін жатқа біледі. Ата-әжесінің қолында өскен Альмира кішкентай кезінен өлең жаттап, Абай оқулары секілді көптеген байқаулардың жеңімпазы!

Айта кетейік, Альмира Ахатова 16 наурыз күні Астанадағы “Конгресс Холл” сарайында өткен Қазақ аруы-2016″ Ұлттық сұлулар байқауының жеңімпазы атанып, бірінші және екінші орынды ақмолалық арулар Сәбина Тенбай мен Аяулым Макумова бөлісті. Ал үшінші орынды қарағандылық сұлу Гүлімай Оразбек иеленген болатын.

3 пікір

  1. Венераа

    15.04.2016 at 18:31

    Өз басым 《Нағыз Қазақ Аруы》 деген абыройлы атаққа ие болған КƏМШАТ ҚОСКЕЛОВА деп айта алам.Қазақта бір керемет сөз бар ғой.”Сұлулық бетте емес жүректе” деген Кəмшаттың сыртқы сұлулығымен қатар ішкі жан-дүниесі өте сұлу.Қазақ тілін еркін сөйлейді,əдеби тілмен нағыз журналисттер секілді анық байсалды сөйлейді.Қазақтың дəстүрін,наным-сенімдерін,ұлттық құндылықтарын өте жақсы біледі.

  2. Венераа

    15.04.2016 at 18:32

    Гулназ Жолановаға жүрегім айниды.Сылқымдаған қаншық.Өтірік майысады,қылықтары жасанды

    • Қолқоюсыз

      25.04.2016 at 12:25

      Біреудің əлпештеп отырған кызын олай атағаныңыз улкен əбестік болды.өзіңіз сұлулық бетте емес журекте демекші ол да өзінше бір сұлу сіз айткан қазактын салт-дәстүрін ол да жаксы біледі.Адайлардың нағыз адай мінезді кыздарының бірі. егер ол қазақ артуы атағына лайықты болмаса қазақ аруы атанбас еді ғой

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.