Қайрат Нұртас: Сайлауға қатысатын шығармыз… - Жұлдыздар Әлемі

Қайрат Нұртас: Сайлауға қатысатын шығармыз…

Жариялаған: , уақыты 29.01.2016 , 1  472 рет оқылды

Нұр Отанның съезіне делегат болып еліміздің танымал өнерпаздары да қатысуда. Солардың бірі – қазақ эстрадасының белгілі әншісі Қайрат Нұртас:

— Өнер адамдарын, спортшыларды қолдағандарына, осындай мүмкіндіктер бергеніне мен үлкен рахмет айтамын. Біз халықтың арасында жүреміз. Халық бізді қолдады, көтерді. Сол себепті біз енді халыққа жұмыс істеуіміз керек. Бұл сәттен мен тек жақсылық күтем.
Мен өзім біраз уақыттан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Партияға мүше болу — ол менің азаматтық ұстанымым. Делегат болып келдім. Елбасының саясатын толықтай қолдаймын. Менің өмірлік тәжірбием, жеткен жетістігім отаныма қажет болса,  онда әрқашан еңбек етуге дайынмын.
— Сайлауға қатысасыз ба?
— Сайлауға, Алла қаласа, үміткер болып қатысатын шығармыз…