«Қазақстан» арнасы көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр

Жариялаған: , уақыты 29.12.2015 , 1 825 рет оқылды

«Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа жылда өз көрермендерін көптеген жаңа және шытырман оқиғаларға толы сериалдармен қуантады.

20151229142346Бұл жолы көрермендер назарына көпсериалы мелодрама ұсынылады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Жаңа драмалық сериалдың басты кейіпкері – Сәуле есімді қыздың өзінің бақытын табу жолында қиындыққа толы сынақтардан өтудегі тағдыры жайлы. Ол көз жасын төгу, түнілу және көптеген кедергілерге қарамастан өзі бұрыннан армандаған мамандығын тәмамдап, жетістікке қол жеткізген сәнгер болды.

Ауылдан шыққан қарапайым қыздан табыскер сәнгер жолын фильмде Сәуленің бұрынғы күйеуіне жазған хаттарынан көре аламыз. Сәуленің аяғы ауыр еді, бірақ күйеуіне айтпастан кетіп қалады. Сол кездегі қиындықтармен қоса жұмыс, баланы бағу мен асырау  мойнына жүктеледі.

15 жыл өткен соң Сәуле өз қызын бұрынғы күйеуімен (яғни қызының әкесі) таныстыру және уақытша қалдырып кету үшін туған ауылына оралуға бел буады. Жинап келгенде тағдыр басты кейіпкерімізді бұрынғы күйеуімен қайта жолықтырады. Сәуле ойлағандай енді ғана барлығы өз орындарына тұрды деген кезде тағы да тағдыр тосын сынақтар дайындап койды. Жиіленіп кеткен қиындықтар, іскерлік ортадағы шиеленістер барлық сериалдар бойы басты кейіпкерді күтіп тұр.  Көрермендердің сериал соңына дейін назарын ауытқусыз аударатындай нағыз өмірлік драма өрбиді.

20151229142352

Кинотуындының әрбір жаңа сериясында көрермендер басты кейіпкерлердің бастарынан өткен сезімдерді  бірге сезінуге мүмкіндігі туады. Осындай әсерлі оқиға әрі қарай қалай өрбиді және немен аяқталатынын «Қазақстан» арнасының көрермендері 16 қаңтардан бастап көрсетілетін «Іңкәр жүрек» атты жаңа өмірлік хикаядан білетін болады.