Енді «Eurovision-ға» қатыса аламыз!

Жариялаған: , уақыты 29.12.2015 , 663 рет оқылды

«Хабар» Агенттігі» Жаңа жылдан бастап Еуропалық хабар тарату одағының қатарына енеді. Енді агенттік телевизия саласындағы әлемдегі ең ірі ұйымға мүше болған Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз телекомпания саналады.

Бұдан былай Eurovision сынды мәдени халықаралық жарыстар мен Еуропада өткізілетін түрлі спорттық шараларға Одақтың теңқұқылы мүшесі ретінде «Хабар» Агенттігі байқауға қатысуға мүмкіндік алады және еш кедергісіз өз эфирінен көрсете алады.

Еуропалық хабар тарату одағы 1950 жылы құрылды. Басты кеңсесі Женева қаласында орналасқан.

Бұл ұйым Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдеріндегі 56 мемлекеттің жетпістен астам теле және радиокомпанияларының басын қосып, бірлесіп жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» Агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағына мүше болған алғашқы қазақстандық БАҚ өкілі.

Еске сала кетейік, Қазақстан бұған дейінде осы ұйымға ену үшін 2012 жылы арнайы сұраныс жасаған. Бірақ Еуропалық хабар тарату одағының жоғары талаптарынан екі жақтық келісім жүзеге аспаған.

www.khabar.kz