91 тобы Кореяда жеңіске жетті - Жұлдыздар Әлемі

91 тобы Кореяда жеңіске жетті

Жариялаған: , уақыты 15.03.2019 , 545 рет оқылды

Ел тұғырын шет елде биіктетіп жүрген жұлдыздар қатары толықты. 6 актавалық әнші екенін Америкада дәлелдеген Димаш, 12 жасында ерекше дарынымен танылған Данеля жеңісі тұсында 91 тобы да қалыс қалмады.

5 жігіттен құралған топ өздерін ұқсататын Корея еліне барып, “I can see your voice” жобасында төбе көрсетті. Бағдарламада ерекшелене білген бойзбенд жеңіске жетіп, корей халқының қазіргі таңда белді топтарының бірі Mamamoo ұжымымен ән шырқау мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы “Жұлдыздар әлемі” хабарлайды.

“I can see your voice” – Кореяның топ-3 кіретін Mnet арнасында 6 маусымы көрсетіліп жатырға бағдарлама. Жобаның шарты бойынша топтың даусын естімей, қатысушыларды “талантты” әрі “талантсыз” әншілер тобына бөлу арқылы анықтайды. Бағдарлама соңында таңдалған қатысушылар өз таланттарының жоғары деңгейде екенін дәлелдеуі керек.

2 пікір

  1. Алла

    19.03.2019 at 12:27

    Жарайсыңдар, 91 тобы! Өнерлерің өрге жүзе берсін! Нағыз талантты, шығармашыл, мәдениетті, қазақи жігіттер екендеріңді дәлелдедіңдер!

  2. Гульзира

    19.03.2019 at 17:36

    Жарайсыңдар Ninety One!Биіктерден көріне беріңдер, жеңістерің жеңіске ұласып, әлемдік ареналарды бағындыра беріңіздер! 91 №1 №1 №1!!!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.