«Шаршадым». Жұлдыз Айқынның тоқалы болудан шаршаған ба? - Жұлдыздар Әлемі

«Шаршадым». Жұлдыз Айқынның тоқалы болудан шаршаған ба?

Жариялаған: , уақыты 15.03.2019 , 389 рет оқылды

2017-2018 жылдың басты тақырыбы болған жұлдыздардың тоқал алу мәселесі әлі күнге дейін тыйылар емес. Халық арасында да біраз шу, жұлдыздардың өзінде де жағымсыз эмоциялар. Солардың бірімен Айқын Төлепбергеннің екі клипіне түсіп үлгерген екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали бөлісті. НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сұхбат берген ол тоқал болудың қандай сезім екенін айтты. Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Жұлдыз:«Қарғап жатқандар болады. Сондай жаман сөздер жазады. Ол бәрібір менің жүрегіме әсер етеді. Шаршадым.»-деп ішкі ойын жайып салды. Рас, шаршатады, Айқынмен бірге өмір сүру емес, тоқал болу емес, оны әлеуметтік желілердегі халық сөзі шаршатады екен. Дегенмен, «өз обалың өзіңе» деген де пікірлер жетерлік. «Екінші әйел бол деген мен емес»,-деп те жазба қалдырғандар бар. Расымен Жұлдызды әрі қарайда сөгіске сала беру дұрыс па? Бәлкім жұлдызды жұпты жайына қалдырар уақыт келген болар? Сіздер қалай ойлайсыздар?

Айтпақшы, 5 әйелі бар Отандық жұлдыз өзінің жеке өміріндегі кей жайттармен бөлісті. Толығырақ: 5 әйелім бар, 3 тұрмысқа кетті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.