"Жағдайы ауыр": Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті - Жұлдыздар Әлемі

“Жағдайы ауыр”: Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті

Жариялаған: , уақыты 14.03.2019 , 629 рет оқылды

ФОТО: Sputniknews.kz

Әлеуметтік желіде жұрттың ауыр сөздерін көтере алмаған Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап ауруханаға түсті.

Бұл туралы журналист Тоқтар Жақаш Facebook парақшасында хабарлады.

“”Сөзде қадір жоқ” деп сапырамыз келіп. Ешкімнің көңіліне қарамаймыз. Сөйтсек, әлеуметтік желіде жерден алып, жерге салған жұрттың сөзі жүректі дертті етіпті ғой. “Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсіпті. Жағдайы ауыр екен” деген хабар жетті. “Ұлтың үшін не істедің?” деп жатамыз ғой. Бекең өзінің 14 баласымен қосып, бірнеше жетім-жесірді асырап отырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Одан бөлек, жағдай айтып, көмек сұрап баратындарда да есеп жоқ. Осының бәрін үнсіз, жарияға жар салмай атқарып жүрген азаматымыз ауырып қалыпты. Өкпеге қисақ та өлімге қимайтын қазақпыз ғой. Аман-есен анау сүп-сүйкімді құлыншақтарына қайта оралсыншы”, – деп жазды ол.

Загрузка...

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.