Димаш Құдайберген The World`s Best жобасынан шығып қалды - Жұлдыздар Әлемі

Димаш Құдайберген The World`s Best жобасынан шығып қалды

Жариялаған: , уақыты 14.03.2019 , 398 рет оқылды

Димаш Құдайберген The World`s Best жобасының финалында өнер көрсетіп болған соң ел күтпеген мәлімдеме жасады. Әнші аталмыш шоудан кететінін хабарлап, мыңдаған жанкүйерлерінің жүрегін жаралаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлем халқын ғажайып даусымен таңдай қақтырған Димаш шоуға ары қарай қатысудан өз еркімен бас тартып жатқанын жеткізді.

Әнші бұл шешімге келуіне не себеп болғанын да түсіндіріп өтті.

Отандық жұлдыздың сөзінше, оның басты қарсыластары ретінде екі бала – Данэлия Тулешова мен индиялық Лидиан Надхасварам ғана қалған. Соған орай, Димаш Құдайберген бүлдіршіндермен жарысқысы келмейтінін ашық айтты.

Жобаның қазылар алқасы бұл мәлімдемеге қатты таңғалған.

Қазақстандық таланттың шешіміне қатысты олар екі түрлі ой түйді. Вера Хилл оның қалуын өтініп сұраса, Рю Пол оған наразылығын көрсеткен.

Орын алған жағдай әншінің табынушылары арасында да түрлі пікір тудырды. Бірі оны игі ісі үшін мақтан тұтып жатқанда, тағы басқалары оның ақымақтық жасағанын жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергенді Әли Оқапов сынға алғанын жазған болатынбыз.

Загрузка...


Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.