Гүлнұр Оразымбетованы сиыр сүзіп кете жаздады - Жұлдыздар Әлемі

Гүлнұр Оразымбетованы сиыр сүзіп кете жаздады

Жариялаған: , уақыты 13.03.2019 , 262 рет оқылды

Эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова кезекті түсірілім алаңы ретінде сиыр қорасын таңдап алған. Алайда, түсірілім кезіндегі әншінің қылығы халықтың ашуына тиді.

Биік өкшелі аяқ киіммен, қолына шелек ұстап 
қораны аралап жүрген Гүлнұрды кенет сиыр қуалай жөнелді. Өзіне таяу келмесе де, алыстағы сиырдың екпінінен шошыған Оразымбетова қорыққанын жасырған жоқ. “Бекер әкелдіңіз мына жерге” деп өкінішін де білдірді.

Сиырдан қорқып, сызылып тұрған әншіні оқырмандар аямай сынап тастаған.  Пікірлер қатарын “Ауылдан шығып алып, аспаннан түскендей болып жүр ғой”, “тоже мне пиар”, “бұқаларға мода көрсетіп жүр” деген сөздер толтырды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.