Аман Тасыған сұхбат кезінде "көт" сөзін не себепті қолданғанын айтып берді - Жұлдыздар Әлемі

Аман Тасыған сұхбат кезінде “көт” сөзін не себепті қолданғанын айтып берді

Жариялаған: , уақыты 12.03.2019 , 989 рет оқылды

Журналист Аман Тасыған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтан сұхбат алу барысы кезінде “көт” сөзін қолданған болатын. Журналист ол сөзді не себепті қолданғанын айтып берді.

Бұл туралы Аман Тасыған Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды “Жұлдыздар әлемі” порталы.

“Тума талант Тұрсынбек Қабатов мызрамен өткен интервьюда неге “көт” сөзін қолдандың деген жазғырушы жандардың жадына мынаны айтқым келеді. Қазақта «көт» деген сөз бар. Негізгі мағынасы адамның дене мүшесі. Синонимі «құйрық», яғни отыратын жер. Орыс тілінде «задница» немесе «жопа». Ал осы қарапайым сөзді басқа сөздермен тіркестіріп қолданса, сан түрлі мағынаға ие бола алады. Бұл оның бір керемет ерекшелігі. Сол сөз тіркестерінің бір тобын айтып өтсек:
1. «Көті шелектей болу» – мақтану, ырза болып қалу, дандайсу; 
2. «Көтінен жел шығару» – ысқыру; 
3. «Көтін жырту» – қатты дауыс шығарып айғайлау, ойбайлау; 
4. «Көтін айыру» – біреуді ұрып-соғу, быт-шытын шығару; 
5. «Көтін жеу» – мылжыңдау, бос сөйлеу. 
6. «Көтке кіру» біреуге жағымпаздану, жалбақтау; 
7. «Көтләктану» – біреуге жағымпаздану, жалбақтау; 
8. «Екі ортада көт болу» – екі адамның ортасына от салу; 
9. «Көтіне қарау» – өз шамасын білу, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау; 
10. «Көті айналған» – өте қырсық адам; 
11. «Көтский» – онша емес, нашар; 
12. «Таскөт» – менсінбеген адамға қолданылатын мазақтау сөзі; 
13. «Көк инені көтіне түртпейтін» (мәтел) қолынан түк келмейтін адам; 
14. «Көтінің басына келтіру» – тым қысқа көйлек кию; 
15. «Көтін қыстыру» -біреуді қорқытып, тәубасына келтіру. 
16. «Көтіне бұрыш қыстыру» – біреуді қорқытып, тәубасына келтіру; 
17. «Кес көтіңді» – «Ал енді не істейсің» немесе «істеріңді істе»; 18. «Көтін ашу» – сырын ашу, әшкерелеу; 
19. «Көті жер иіскемеу» – дем алмау, дамыл таппау; 
20. «Көт шаш» – шашы ортасынан бөлінген. 
21. Біреуге көтқұман болу – мәймөңке болу 
22. Бұралық сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме (мәтел) – Әңгіме-өсекке мән бермеймін 
23. Көті тұрмады – Бата алмады, қорқып қалды 
24. Көтіне қыстырмау – Елемеу 
25. Көтінде жоқ, көсеумен қамшылайды – Өзінде жоқ нәрсемен мақтану 
26. Көтергені құрсын-ау, көтіме қолын тыққан соң – Бүйткен көмегі құрысын, міндетсінетін болсаң. 
27. Бір көттен шыққан – Аталас бауыр 
28. Көңіл сыйса, көт де сыяды – Сығылысып отыр.
Тізе берсем кете береді. Сондықтан әдеби сөзді білмесеңіздер аса әдепті болып көрінудің қажеті жоқ. Айтпақшы, келешекте осы тіркестерді Talklike жобасында жаңғырту жоспарда бар”, – деп жауап берді Аман Тасыған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тума талант Тұрсынбек Қабатов мызрамен өткен интервьюда неге “көт” сөзін қолдандың деген жазғырушы жандардың жадына мынаны айтқым келеді. Қазақта «көт» деген сөз бар. Негізгі мағынасы адамның дене мүшесі. Синонимі «құйрық», яғни отыратын жер. Орыс тілінде «задница» немесе «жопа». Ал осы қарапайым сөзді басқа сөздермен тіркестіріп қолданса, сан түрлі мағынаға ие бола алады. Бұл оның бір керемет ерекшелігі. Сол сөз тіркестерінің бір тобын айтып өтсек: 1. «Көті шелектей болу» – мақтану, ырза болып қалу, дандайсу; 2. «Көтінен жел шығару» – ысқыру; 3. «Көтін жырту» – қатты дауыс шығарып айғайлау, ойбайлау; 4. «Көтін айыру» – біреуді ұрып-соғу, быт-шытын шығару; 5. «Көтін жеу» – мылжыңдау, бос сөйлеу. 6. «Көтке кіру» біреуге жағымпаздану, жалбақтау; 7. «Көтләктану» – біреуге жағымпаздану, жалбақтау; 8. «Екі ортада көт болу» – екі адамның ортасына от салу; 9. «Көтіне қарау» – өз шамасын білу, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау; 10. «Көті айналған» – өте қырсық адам; 11. «Көтский» – онша емес, нашар; 12. «Таскөт» – менсінбеген адамға қолданылатын мазақтау сөзі; 13. «Көк инені көтіне түртпейтін» (мәтел) қолынан түк келмейтін адам; 14. «Көтінің басына келтіру» – тым қысқа көйлек кию; 15. «Көтін қыстыру» -біреуді қорқытып, тәубасына келтіру. 16. «Көтіне бұрыш қыстыру» – біреуді қорқытып, тәубасына келтіру; 17. «Кес көтіңді» – «Ал енді не істейсің» немесе «істеріңді істе»; 18. «Көтін ашу» – сырын ашу, әшкерелеу; 19. «Көті жер иіскемеу» – дем алмау, дамыл таппау; 20. «Көт шаш» – шашы ортасынан бөлінген. 21. Біреуге көтқұман болу – мәймөңке болу 22. Бұралық сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме (мәтел) – Әңгіме-өсекке мән бермеймін 23. Көті тұрмады – Бата алмады, қорқып қалды 24. Көтіне қыстырмау – Елемеу 25. Көтінде жоқ, көсеумен қамшылайды – Өзінде жоқ нәрсемен мақтану 26. Көтергені құрсын-ау, көтіме қолын тыққан соң – Бүйткен көмегі құрысын, міндетсінетін болсаң. 27. Бір көттен шыққан – Аталас бауыр 28. Көңіл сыйса, көт де сыяды – Сығылысып отыр. Тізе берсем кете береді. Сондықтан әдеби сөзді білмесеңіздер аса әдепті болып көрінудің қажеті жоқ. Айтпақшы, келешекте осы тіркестерді Talklike жобасында жаңғырту жоспарда бар. Көттеріңіз шыдаса, тіркеліңіздер✊

Публикация от Тасыған өмірде,Аман жүріңіздер (@amantasygan88)

Загрузка...

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.