Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы да арыз жазылды - Жұлдыздар Әлемі

Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы да арыз жазылды

Жариялаған: , уақыты 12.03.2019 , 1  066 рет оқылды

Арызданушы 30 қаңтар күні әншіні “ақшамды қайтармады” деп хабарлаушы Бақыт Назарова көрінеді. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған HolaNews ақпараттық сайты хабарлайды.

Бақыт Назарова әншіні әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, абыройымнан айырды деп отыр. Айтуынша, осы оқиғадан кейін көшеге шығудан қалған.

“Барахолка” атанып кеткен ашық базарда сауда жасайтын Бақыт Назарова айына 330 мың теңге несие төлеуге мәжбүр.
Жасы алпысқа тақалса да, күнкөріс үшін еңбек етіп жүрген ол Әлімбековамен болған баспана дауынан кейін, тіпті, базарға шығу қиындағанын айтады.

“Мені танып қалған адамдар келіп, “Саған осы не керек, проблема керек пе?” деген қатты-қатты сөздер айтады. Қорқа бастадым. Өзім несиемді төлей алмай, қысылып, қарызданып жүргенде, бұл менің жүрегіме әсер ете бастады. Адамды көрсем, дірілдеймін”,- дейді жәбірленуші.

Бақыттың жанына батқаны – әншінің әлеуметтік желіде өзін меңзеп, қаралауы екен. Осыдан кейін Назарова бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына арыз жазып, президенттің атына хат жолдапты.

“Себебі, Әлімбекова өзінің Instagram желісінде мені “Б әпке тойға барғанымды, ән салғанымды көре алмай, үстімнен арыз жазып жатыр екен” деген жалған ақпарат таратып отырды. Алдымен мен оған мән берген жоқпын. Себебі, өзімнің жеке арымның алдында таза болғандықтан, жарайды, ештеңе етпейді деп отыра бергенмін”,- дейді ол.

Дегенмен, арыз берушінің қай пост туралы сөз қозғап отырғаны әлі белгісіз. Өйткені, әншінің инстаграм парақшасынан онда жазба табылмады.

Загрузка...

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.