Төреғали Төреәлі: Мен сенің аузыңа түкірдім, бірақ құйрығыңнан тепкен жоқпын - Жұлдыздар Әлемі

Төреғали Төреәлі: Мен сенің аузыңа түкірдім, бірақ құйрығыңнан тепкен жоқпын

Жариялаған: , уақыты 11.03.2019 , 378 рет оқылды

7 арнаның шулы бағдарламаларының бірі “Гугулетте” жұлдызды жұп Төреғали Төреәлі мен Мадина Оспанова бас қосты. Бұл жолы “Ұлы дала комедиясындағыдай” ерлі-зайыпты кейпінде емес, жүргізуші мен қонақ ретінде.

2019 жылғы жоспарларымен бөліскен Ұлы дала баласы жаңа кино түсіру ойда бар екенін айтқан еді. Мадина бұл сөзін іліп әкете екеуі түскен фильмнің жалғасы ма деп сұрақ қойды. Бұл ойды жоққа шығарған әнші жаңа сценарий жазылатынын айтып, тағы да экраннан Мадина екеуін көруіміз мүмкін екенін білдірді. Сөз арасында актрисаның шеберлігін мақтап:” Сен өз ісіңнің маманысың. Мен сенің аузыңа түкірдім, бірақ құйрығыңнан тепкен жоқпын”,-деп бикештің өзін таңқалдырды. Төрештің айтуынша кино махаббат жанрында болады-мыс.

Загрузка...


Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.