Қайраттың баласы ажал аузынан аман қалды - Жұлдыздар Әлемі

Қайраттың баласы ажал аузынан аман қалды

Жариялаған: , уақыты 11.03.2019 , 1  405 рет оқылды

Қайрат Нұртастың Нарұл есімді ұлы бірнеше ай бұрын жүрегіне ота жасатып, ажалдан аман қалған.

Қайраттың баласының дертін еске салып, ыңғайсыз сұрақ қойған Сұлтанқызы халықтың ашуына тиді.

“The эфир” бағдарламасына өнер жұлдыздарын шақырып, суыртпақтап сырын ашып жүрген Ләйлә Сұлтанқызы бұл жолы шектен шықты. Бағдарлама қонағы ретінде Қайрат Нұртасты шақырған ол өнер мен шығармашылықты былай қойып, сұрақтар желісін жанұясына бұрды. Жұлдыздың сахнадан кетуін Қайраттың қызғанышымен байланыстырып, өзіне керек жауапты алған соң қисынсыз сұраққа көшті. “Ұлының ауруы арқылы сені солай сынап жатыр деп ойламайсың ба? ” деген журналист сұрағына Қайрат байыппен жауап берді. “Жанды жерімізге тиеді ғой солай, айырылып қаламыз ба деп қатты қорықтық, бір алланың қолдауымен аман алып қалдық”, “ата-ананың қателігі үшін солай болатынына көзім жетті” деді Қайрат Нұртас. Халық болса, баланың дертіне Қайраттың қателіктерін араластырудың жөнсіз екенін, адамның өткен өмірін бұлай қазбалаудың дұрыс еместігін айтып Сұлтанқызын сөгіп тастады.

Загрузка...

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.