"Сыйлық алу міндет емес": Танымал ерлер әйелдер мерекесіне қалай дайындалады? - Жұлдыздар Әлемі

“Сыйлық алу міндет емес”: Танымал ерлер әйелдер мерекесіне қалай дайындалады?

Жариялаған: , уақыты 08.03.2019 , 408 рет оқылды

8 наурыз – бар қыз-келіншектер, арулар мен аналар, әжелер мен апалар асыға күтетін бірден бір мейрам. Осы орайда аталмыш күнге жұлдыздар қалай дайындалатыны туралы ақпарат жеткізген stan.kz сайтына “Жұлдыздар әлемі” порталы сілтеме жасай отырып, сіздермен бөлісуді жөн көрді.

Мәселен, Айқын аналар мерекесінің қарсаңында жылда жанұясының жанында болмайды. Өйткені, аталмыш мейрамда әнсапарға аттанады. Биыл 8-ші наурыз күні Павлодарлық тыңдармандармен бірге өткізбек екен. Бірақ отбасынан жырақта жүрсе де, сыйлық мәселесін телефон арқылы шешеді.    

«Қазір барлығын телефонмен шеше салуға болады ғой. Қоңырау шалсаң гүліңе дейін, қандай сыйлық болса да үйіңе жеткізіп тастайды. Ең бастысы көңіл бөлу. Мен өзім алдын-ала сұрап алғанды жақсы көремін. Өзіне ұнайтын сыйлықты алған адам, ерекше әсерге бөленеді ғой. 8-ші наурызға міндетті түрде сыйлық жасау керек деген қағида жоқ. Жағдайың бар болса, жаса. Жоқ болса, бір гүлмен-ақ көңілін ауласаң жеткілікті. Сыйлықта тұрған ештеңе жоқ. Кейбір адамдар бір гүлмен ғана қуантуы мүмкін. Ер адамдар көбінесе гүл береді», – дейді Айқын Төлепберген.

Әнші әрі актер Осһоооудың 8-ші наурызда анасына дайындаған дәстүрлі тартуы бар екен. Бір қызығы келіншегіне мерекелік сыйлық таңдауға келгенде сараңдық танытатын көрінеді.  

«Біріншіден нәзік жандыларды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ол кісілер өміріміздің мәні, өміріміздің сәні. Бірақ дәл осы күні осындай болу керек деген ұстаным менде жоқ. Әр жылда өзімнің сый-сияпатымды жасаймын. Дайындықтың біреуі анашымды әр жыл сайын концертке алып келемін. Халықтың алдында гүл сыйлаймын. Ал әйеліме алдын-ала сыйлық дайындамаймын. Көңілінің қалауын мереке жақындағанда айтады немесе сөздің астарымен ақырындап қана білдіреді. (күледі) », – дейді әнші әрі актер Осһоооу.

Жанатбек Бәйтеков көп балалы жанұяның отағасы. Актердың отбасында жұбайы және бірнеше бұрымдысы өсіп келеді. Ал шаңырағындағы нәзік жандыларға әзірлеген мерекелік тартуы техникалық заттар мен қаржылай сыйлықтардан құралған екен.

«8-ші наурызда жанұямызбен кинотеатрға барамыз. Ойын-сауық орталықтарында ас ішіп, көңіл көтеруіміз мүмкін. Бірақ керемет мереке қылып тойламаймыз. Қыздарым кішкентай. Олардың сұранысы – құлаққап пен телефон. Ал әйеліме ақшасын беремін. Өзі қалауындағы затын сатып алады. 8-ші наурыз мерекесін кешке үйге келіп, тәтті тортпен тәмамдаймыз», – дейді Жанатбек Бәйтеков.

Нұрлан Әлімжан үшін сыйлықтан гөрі, жылы сөз маңызды. Сондықтан болар, актер әр жыл сайын дүкен аралап әуре-сарсаңға түспейді. Есесіне өнер иесінің «Халықаралық әйелдер күнінің» атауын өзгертуге қатысты ерекше идеясы бар.   

«Жалпы, «Әйелдер мерекесі»  деген құлаққа қатқылдау естіледі. Ал «Аналар мерекесі» деген өте керемет естілетін сияқты. Арғы жағында ырымы жақсы. Оның ішінде бүкіл тұрмыс құрмаған қарагөз қарындастарымыз тұрмысқа шықса екен. Балалы болсын, бақытты ана атансын деген үлкен мән-мағына жатыр. «Әйел күлсе, әлем күледі» дейді ғой. Аналарымыздың езуінен ешқашан күлкі кетпесе екен. Сыйлық жағына келетін болсақ, ең бастысы гүл мен көңіл ғой. Одан кейін әдемі сөзбен әрлеп жіберемін. Мен ананы-мынаны сыйладым деп, дүниені санап отыратын адам емеспін. Ананың балаға деген махаббаты дүниемен, есеп-қисаппен өлшенбейді. Сондықтан да ана мен баланың арасындағы махаббат қашанда жасай берсін», – дейді Нұрлан Әлімжан.

Загрузка...

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.