"Кел келінім" жобасы ақыры жабылып тынды - Жұлдыздар Әлемі

“Кел келінім” жобасы ақыры жабылып тынды

Жариялаған: , уақыты 07.03.2019 , 7  457 рет оқылды

Жастарға-жұп, енеге-келін тауып береміз деген мақсатта ашылып, арты дауға айналған “Кел келінім” жобасы жабылды.

4 маусым бойы “КТК” телеарнасынан үздіксіз көрсетіліп келген реалити-шоудың соңғы эфирі көрерменге жол тартпақ. Бұл хабарды жоба жүргізушілері қатысушылармен және  көрерменмен қоштасу сөздерінде жеткізген болатын.

Соңғы уақытта әдеп нормаларына жат қылықтар жасап, халықтың қытығына тие бастаған жастар  жобасын жабуды сұраған жұрттың қатары артқан еді. Тікелей эфирдегі төбелес, алысып-жұлысқан бойжеткендер мен көңілшек еркектердің әңгімесі көрерменді қажытқаны өтірік емес.

“Шынайы” деп айдар тағылған шоудың келесі маусымы болады деген болжам жоқ. Ертең сағат 15:00-де жобаны соңғы рет көре аласыздар.

Загрузка...

Бір пікір

  1. Кушманбетова гульзия

    07.03.2019 at 16:24

    Өте құаныштымын. Жастарды жолдан тайдыратын передача еді

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.