BTS плагиат жасады - Жұлдыздар Әлемі

BTS плагиат жасады

Жариялаған: , уақыты 28.02.2019 , 888 рет оқылды

Кореяның беткеұстары, атақ-даңқы  жаһанды жалпағынан жалмаған BTS  тобын француз фотографы плагиат жасады деп айыптауда. Бұл туралы ақпаратты НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтей отырып “Жұлдыздар әлемі” баяндайды.

Бейнежазбадан байқағандарыңыздай,  BTS тобының “Forever young” эрасы мен “Blood sweet and tears” эра аралығында түсірілген фотосуреттерінің мотивтік нұсқалары бар боп шықты. Осыған дейін таза тер мен адал еңбегі арқылы танымал топ үшін плагиат сынына ұшырау  алғаш рет болып отыр.

Әрине,  аталмыш топтың бұл алғашқы кикілжің емес. Өйткені,  2014 жылы BTS тобы бірінші рет  корей арналарының апталық жүлдесінің бірін иемденгенде,  мұндай марапатты алуға сол сәтте халық топты лайық көрмеген еді. Дегенмен қазір оларды әлем сүйеді,  сондықтан ол жүлденің дауына енді ұшырамас. Ал плагиат жыры бір бөлек. Сіз қалай ойлайсыз? Бұл фотосуреттер плагиат жасалды деп айыптауға түрткі бола ала ма?

https://www.instagram.com/p/BuYcEuSg2B3/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=i1n78om0yfwk

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.