"Санымды ұстағанда қысылдым" - Ғани Құлжановтың ашынасын сомдаған актриса - Жұлдыздар Әлемі

“Санымды ұстағанда қысылдым” – Ғани Құлжановтың ашынасын сомдаған актриса

Жариялаған: , уақыты 22.02.2019 , 2  653 рет оқылды

Төреғали Төреәлінің картинасында атышулы әншінің ғашығын сомдаған мына сылқым, бүгінде елуді еңсерген актердың көңілдесі. Жиырмадан енді асқан актриса мұндай қадамға барамын деп еш ойламаған. Бірақ, қызқұмар жігіт ағасы, сұлуды соңында көндіріпті.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

«Ұлы дала комедиясының» түсірілімі аяқталған сәтте, Мәдина кезекті картинаға шақырту алады. Төрештің кинодағы келіншегі, су жаңа жобада жеңіл жүріске жақын сылқымды сомдаған. Ол тың туындыда Ғани Құлжановтың көңілдесінің кейпінде. Бала кезден көріп, өзі үлгі тұтқан азулы актердың ашынасы болу, жас актрисаға оңай соқпапты.

Мәдина Оспан, актриса:

-Санын ұстайтын жерлерде, құшақтасатын жерлерде қатты қысылдым. Бірақ актриса болғаннан кейін, білдіртпеуге де тырыстым. Ғани аға да: «Ботам, ұялмашы менен. Бұл образ! Давай, целуй меня» – деп, бірден образға кіріп кетеді.

Детективті картина Ғани Құлжанов, Азат Сейітметов, Дархан Дайырбек және Венера Нығматуллина сынды актерлық құраммен жасақталған. Тың жанрдағы туындының көрермен көңіліне қонымды боларына, түсірілім тобы сенімді.

Ғани Құлжанов, актер:

-Жанрдың өзі айтып тұр детектив. Қазіргі қаптаған комедиялардың ортасында, бұл өзіндік жанр болады деп ойлаймын.

Тәжірибелі актерларды тоғыстырған кино – «Досье Тамады» деп аталады. Фильм желісінде 90-шы жылдары бизнеске бет бұрған жастар, ширек ғасырдан соң қайта қауышады. Байырғы жора-жолдастар арасында, өкпе-реніш пен өкініш те бар. Асабаның образына еніп, табысты кәсіпкерлерден көне кегін қайтаруды мақсат тұтқан кейіпкерді – Дархан Дайырбек ойнайды.

Дархан Дайырбек, актер:

-Менің образым 90-шы жылдары бастаған бизнесмен жігіт. Менің бұл кинода, амплуам өзгерді деп айтуға болады. Өйткені менде бәрі комедия болды ғой.

Режиссер Бейбарыс Жұманиязовтың дебюттық туындысы, тұсаукесерге келген көрерменге ой сала алды ма?

Ғазиза Ғабдірахимова, қобызшы:

-Мұндай фильмдер қазір шыға бермейді. Коммерциялық емес киноға жатады деп айта аламын. Және де ой салдыратын нәрсе. Менің ойымша терең бір астары бар!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.