"Бір бала аз": Жұлдыз Өмірғали екінші рет ана атанбақ - Жұлдыздар Әлемі

“Бір бала аз”: Жұлдыз Өмірғали екінші рет ана атанбақ

Жариялаған: , уақыты 12.02.2019 , 708 рет оқылды

Айқынның төл мерекесіндегі тосын сыйлар мұнымен таусылмақ емес! Айтулы кеште жұлдызды жанұя тағы бір жағымды жаңалығымен бөлісті. Шоу-бизнестің ең атышулы жұбы тағы бір мәрте ата-ана атануға қамданып жүр екен!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Алғашқы жүктілігін елден жасырған Жұлдыз, бұл жолы жағымды жаңалығымен бірден бөлісті. Өмірғалидің айтуынша, құрсағындағы сәбиіне 20-апта толған екен. Сүйінші хабарды әнші әрине, бүлдіршіннің әкесіне бірінші болып жеткізген.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

-Ол кезде ол гастрольде болды. Мен өзімді дұрыс сезінбедім де, содан кейін тексеріп көрейінші деп сөйтіп қана болды да. Сөйтіп жазып жібердім. Ол қуанды әрине.

Жұлдыздың жағымды жаңалығы Ақботаны да бейжай қалдырмады. Құрбысының қуанышына ортақтасқан Сейтмағамбет те, өмірінің ең маңызды сәтін еске алды.

Ақбота Сейтмағанбет, әнші:

-Енді біріншісін ұзақ күттік. Сондықтан біраз уақыт бойы тексерілдік қайта-қайта. Жаңағы өзіміздің дәрігерге барғанда қуантты ол кісі. Екеуіміз бірге естідік бұл жаңалықты. Жылап алдық, бір қуанып алдық.

Осылайша, алғаш рет әзер дегенде аяғым ауыр болды деп, күллі тыңдарманын таңқалтқан Ақбота, есесіне екіншісін мүлде жоспарламаған-ды.

Ақбота Сейітмағанбет, әнші:

Екінші сәбиімде мен ауырыңқап жүрдім, съемкада жүрген болатынбыз. Врачқа тексерілейік деп барсақ, өзіміздің врач, құтты болсын сіз екінші рет ана атанасыз деп, Дәуреннің көзінше қуантты.

Енді, екі мәрте ана атанған Ақбота бала тәрбиесінде бар білгенін Жұлдызбен бөлісуге дайын. Оның үсітіне, көп балалы атанмыз деген Төлепбергеновтер отбасына бұл кеңестер керек болары сөзсіз.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

-Мен өзім отбасымда ініміз екеуіміз қатар өстік. Арамыз бір жарым жас болды. Маған екі бала аз болды. Отбасында көбірек бала болғанын қаладым. Қазір 3-4 қалаймын. Бірақ құдай бұйырғаны болар.

Загрузка…

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.