Түрмеден шыққан Әлімбекова халыққа алғысын видеомен жолдады (ВИДЕО) - Жұлдыздар Әлемі

Түрмеден шыққан Әлімбекова халыққа алғысын видеомен жолдады (ВИДЕО)

Жариялаған: , уақыты 05.02.2019 , 1  888 рет оқылды

6 жылға сотталып, қолына кісен салынып, темір торға тоғытылған әнші Гауһар Әлімбекова бүгін түрмеден шықты. Ол халқына ризашылығын видеомен жолдады. Әншінің халқына айтқан ризашылығын әнші Ақбота Керімбекова өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Бұл туралы Ernur.kz порталы хабарлайды.

Халық расында да әншісін жақсы көреді екен «Аллаға шүкір. Қуаныштымыз!», «Гаухар жаным, пәле-жаладан аман-есен құтылғаныңа шын жүректен қуанып тұрмын», «Гаухар әпкені көріп тұрғанымызға өте қуаныштымыз!», «Ауыр жүк түскендей болды!», «Құтты болсын!», «Гаухардың дауысын естіп, өзін көріп көз жасым тоқтар емес», «Менің сүйікті әншім еді, қатты қуанып отырмын!»… деген сынды пікірлерін білдіріп, шын қуанған оқырман көп.

Иә, әншісі істі болғанда халық орнынан өре түрегелді. Шын уайымдап, әділдік іздеді. Ал, халық басына қара бұлт үйірілгенде әншілер не істей алады екен?

Загрузка…

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.