Сүйінші! Гауһар Әлімбекова абақтыдан босатылды - Жұлдыздар Әлемі

Сүйінші! Гауһар Әлімбекова абақтыдан босатылды

Жариялаған: , уақыты 04.02.2019 , 4  947 рет оқылды

Алты жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

“Бүгін, 2019 жылдың 4 ақпанында Алматының Алмалы аудандық соты Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, әншінің “Ақ келін”, “Көктемге хат”, “Жас келін”, “Қыз сезімі”, “Оралшы махаббат”, “Ақмаралым” әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

Загрузка…

Бір пікір

  1. Қолқоюсыз

    05.02.2019 at 15:56

    Қуаныштымыз! !!!! Тек алға

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.