Азамат Сатыбалды басқаратын театр, алғашқы қойылымын «хайп» тақырыбына арнады - Жұлдыздар Әлемі

Азамат Сатыбалды басқаратын театр, алғашқы қойылымын «хайп» тақырыбына арнады

Жариялаған: , уақыты 19.01.2019 , 752 рет оқылды

Таяуда ғана – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы атанған Азамат Сатыбалды, өзі жетекшілік ететін ұжымның 2019-шы жылдағы бірінші қойылымын көрерменге ұсынды. Бір қызығы, аталмыш өнер ошағы биылғы тұсаукесерге – «хайп» тақырыбын таңдапты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Азамат Сатыбалды, актер:

– Шындығы керек бұл «хайп» деген баяғыда болған. Қазір де бар, кейін де болады. Бірақ әр уақытқа байланысты, сол терминнің атауы өзгеріп тұрады. Қазір «хайп» десе, бұрын басқа деген шығар. Сондықтан кезіндегі «хайптың» қандай болғанын, кезінде өмір сүргенін біз қазір сахнадан көрсететін боламыз.

Азамат басқаратын театрдың жаңа жылдағы алғашқы қойылымы – «Ұмытыңдар оны…» деп аталады. Шығармашылық ұжым Григорий Гориннің «Забыть Герострата» пьесасын қазақша тәжімалаған. Бұл спектакльде атақ үшін 120 жыл бойы салынған ғибадатхананы, бір-ақ күнде өртеген саудагердің құйтырқы әрекеттері айна-қатесіз көрсетіледі. Тарих беттерінде атын қалдыруды мұрат еткен Геростратқа – Құдайдың қаһары, сот пен өлім де еш әсер ете алмаса керек. Басты кейіпкерді сомдаған «Алашұлы» тобының әншісі әрі актер – Мақсат Рахмет.

Мақсат Рахмет, «Алашұлы» тобының әншісі, актер:

-Біз кішкене авторға қарсы шығып, Геростратты тірі қалдырдық та, халықтың ішіне кіргізіп жібердік. Яғни, біздің арамызда Геростраттар толып жүр деген сөз.

Қазіргі қоғамда кең тараған «қара пиар», «хайп» терминдерінің түп төркінін заманауи тілмен көркемдеген – Жұлдызбек Жұманбай. Өзекті тақырыпты көтерген режиссердың жұмысы, тұсаукесерге келген көрермен көңіліне ой сала алды ма?

Гүлбаһрам Байбосынова, актриса:

-Анық көрсетіп тұр ғой. Анық барлығын жеткізіп отыр.

Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:

-Қазір енді «атың шықпаса, жер өрте!» – деген, тақырыптар көбейіп кетті ғой. Өте сәтті қойылды деп айта аламын. Ең болмағанда осы келген адамдардың ойы өзгереді деген үміттемін.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.