«BTS» өз елінде тұңғыш рет үздік атанды! - Жұлдыздар Әлемі

«BTS» өз елінде тұңғыш рет үздік атанды!

Жариялаған: , уақыты 18.01.2019 , 1  086 рет оқылды

ФОТО: Korea Joongang Daily

Оңтүстік кореялық BTS бойзбендіне хайптың мүлде керегі жоқ! Жігіттер онсыз да қажырлы еңбектерінің арқасында – жер жаһаннан жанкүйер жинап жүр. Көптің көңілін жаулаған топ, енді «Seoul Music Awards» марапатының бірнеше мәрте жүлдегері атанды!

Бұл туралы “НТК” арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Жыл сайын дәстүрлі түрді өткізілетін Seoul Music Awards шарасы, осымен 28-рет ұйымдастырылған еді. Ән мерекесінің негізгі мақсаты – кей-поптың кіл мықтыларын анықтау. Биыл марапатты еншілеуден рекорд орнатқан – сөзсіз BTS ұжымы болды. Бойзбенд бұл күні үш бірдей марапатты еншілесе, ішінде ең беткеұстары – «гран при» жүлдесі.

BTS тобы:

-Өзге топтардан оза шауып, үздік атанғанымыз үшін қуаныштымыз. «Army» бұл сендердің арқаларың! Біз сендерді жақсы көреміз. Сендер болмасаңдар, BTS-те болмайтын еді. Сондықтан ұмытпаңдар, Арми BTS-тың бір бөлшегі!

BTS иемденген бас жүлде – өткен жылы EXO-ға бұйырған еді. Төрт жыл бойы тұғырын ешкімге бермей келген топ, бұл жолы тек арнайы мүсіншені қолтықтап қайтты.

Күллі k-pop орындаушылар бас қосқан кеште EXO-дан өзге Monsta X, Red Velvet, Wanna One сынды бірқатар ұжымдар болса, «Бонсан» яғни арнайы сыйлықтарды еншілеген еді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.