"Ұятсыздар": Айқын мен Жұлдыздың дуэті елге жақпай қалды (видео) - Жұлдыздар Әлемі

“Ұятсыздар”: Айқын мен Жұлдыздың дуэті елге жақпай қалды (видео)

Жариялаған: , уақыты 17.01.2019 , 2  113 рет оқылды

ФОТО: STAN.KZ

Айқын Төлепберген алғаш рет жары Жұлдызбен дуэт орындап шықты. Қос өнер иесі Төлепбергеннің репертуарындағы “Сені сағындым” әнін Жаңа жылдық кештердің бірінде шырқаған. Желіде аталған сәттің видеосы жарияланды, деп жазады Stan.kz.

“Жылағым келіп тұр, жүрегім ауырады, ал әйелінің ше? Неге олай істейді? Ант берді ма, қандай жағдай болсын, соны орындау керек қой. Отбасымдағы отағасы, балаларымның әкесі деп жүрген адам бүкіл ел алдына осылай шықса, әйелі қандай сезімде болады? Алла жар бола көрсін”, – дейді Қайрат Ұлмекен есімді желі қолданушысы.

Өзгелер де оның пікіріне қосылды.

“Айқынның бірінші әйеліне жаным ашып отыр”, “Қалай ұялмай шығады, ұятсыздар”, “Не беттеріңмен шықтыңдар?” “Бірінші әйелім қандай жағдайда деп ойламайсың ба?”, “Алла бірінші әйеліне төзім мен сабыр берсін”, – дейді оқырмандардың бір тобы.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.