Мирбек Атабеков: «Әйелім Кәмшат Жолдыбаеваны қаттырақ құшақта» , - деді. - Жұлдыздар Әлемі

Мирбек Атабеков: «Әйелім Кәмшат Жолдыбаеваны қаттырақ құшақта» , – деді.

Жариялаған: , уақыты 11.01.2019 , 307 рет оқылды

«Тыңда мені» – Кәмшат Жолдыбаева мен Мирбек Атабеков орындаған ән қазіргі таңда youtube желісінде 3 млн-нан астам қаралым жинапты.

Ел тарапынан қатал сынға ұшыраған Кәмшат Жолдыбаева мұндай бейнеклип түсіру үшін зор еңбек пен батылдық керек екенін айтты.

«Бұл бейнеклиптің менің шығармашылығымдағы өресі биік. Өнерді жоғары творчество деп қарауымыз керек. Осындай сәтті дүние жарыққа келгеніне қуаныштымын. Мирбек Атабековпен бірге ән жаздырып, клипке түсуді бұрыннан армандағанмын».

Клиптегі ашық сахналарға түсу Мирбек Атабеков үшін қиынға соққан. Себебі әнші: «Кәмшаттың актрисалық қабілеті бар, менде ондай тәжірибе болмады. Оның қасында қысылдым. Алайда әйелім: «Бұл – сенің жұмысың, сенің рөлің. Тартынба. Өз жұмысыңды жақсылап атқар. Кәмшатты қаттырақ құшақта», – деп маған қолдау көрсетті» дейді қырғыздық әнші Мирбек Атабеков.

Естеріңізге сала кетейік, талантты қырғыздық композитор – Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген секілді эстрада жұлдыздарының біршама әндерінің авторы.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.