Алтынай Жорабаева ИГЛЗ ба? (видео) - Жұлдыздар Әлемі

Алтынай Жорабаева ИГЛЗ ба? (видео)

Жариялаған: , уақыты 10.01.2019 , 276 рет оқылды

Иглздар – «Ninety one» тобының жанкүйерлері, фанаттары. Иглздардың қатарында Алтынай Жорабаева да бар ма?

Өз сұхбаттарының бірінде әнші: ««91» тобын қыздарыма тыңдамаңдар деп айттым. Сөйтсем, олар менен тығылып тыңдап жүр екен», – деп жастар тыңдайтын топты «Жігіттердің шығармашылығымен таныстым, өте жоғары деңгейде екен. Топ мемберлері – талантты, еңбекқор. Жастар еңбекқорлығынан үлгі алса деймін», – деп зор ықыласын білдірді.

Күміс көмей әнші өз инстаграм парақшасында «91» тобының әнін орындаймын деп біраз дауға қалып жүр.

Инста-парақшасына 4 қыздың анасы «Ninety one тобын сүйіп тыңдаймыз, қыздарыммен бірге билейміз», – деген болатын.

«Санаңды улама!»: әншінің бұл пікірін көпшілік оқырман қабылдай алмағанға ұқсайды.

«Талғамыңыз керемет, заманауисыз»: алайда әншінің тыңдармандары арасында оны қолдағандар да аз болмады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.