Ұлтты қорлаған Шырын Нарчаеваны хейтерлері соққыға жықты (видео) - Жұлдыздар Әлемі

Ұлтты қорлаған Шырын Нарчаеваны хейтерлері соққыға жықты (видео)

Жариялаған: , уақыты 10.01.2019 , 8  878 рет оқылды

  Жалаңаш суретке түсіп, оларды желіге салуды сәнге айналдырғандар көп бүгінде. Солардың бірі – аты шулы Тараздық Шырын Нарчаева. Қазақтың сәукелесін киіп алып, жалаңаштанған бейнесі жұрттың жағасын ұстатқаны бәрімізге мәлім. Аз уақыттың ішінде желі жұлдызына айналды. Оны жақын арада бейтаныс қыздар дәретханада ұрып, мұрнын сындырған видео желіде кеңінен тарап кетті.

Видео кадрларында бейтаныс екі қыз модельге жақындап, тиісе бастайды.

Соған қарағанда бұл қыздар төсін жалаңаштаған Шырынның хейтерлері болса керек.

Видеодан Шырынды қолдамаушылар оны сұрақтың астына алып, бірнеше соққы бергендері белгілі. Сол уақытта бір ер адам Шырынға жақтасып, хейтерлерді «полиция шақырамын» деп қорқытты.

Өз болашағына алаңдап жүрген Шырын қазір ауруханада жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ұлтты қорлаған Нарчаева көпшіліктің ызасын туғызуда: «Басыңа өзін сор тілеп алдың, Шырын! Қазақтың құндылығын аяққа таптамас бұрын ақымақ басыңмен ойланбадың ба?»

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.