Әнші Индира Елемес сәлем салмайды - Жұлдыздар Әлемі

Әнші Индира Елемес сәлем салмайды

Жариялаған: , уақыты 10.01.2019 , 369 рет оқылды

«Сәлем салу» – қазақта байырғы заманнан бері келе жатқан дәстүр. Сәлем салу – келіннің ата-енесіне, қайын жұртына амандасуы. Сәлем беру өзіңнен, жарыңнан үлкен кісіге деген сый-құрметің екенін естен шығармау керек.

Сәлем салу – келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен аманы.

Әдебі мен ибалылығы оң бойынан көрінетін кей жұлдыздардың арасында сәлем салмайтындары да бар екен. Солардың бірі – Индира Елемес.  Отандық «Ел аузында» бағдарламасына берген сұқбатында әнші сәлем салмайтынын айтты. Оған себеп: ол аттаған босағада, яғни келін болып түскен өлкеде сәлем салмайды екен.

Күйеуі туралы жақ ашпайтын Индира Елемес қай өңірдің келіні болды екен? Оны алдағы уақыттарда біле жатармыз.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.