Медет Көжекбаев отбасын көрсетті - Жұлдыздар Әлемі

Медет Көжекбаев отбасын көрсетті

Жариялаған: , уақыты 09.01.2019 , 362 рет оқылды

Өз сұхбаттарында отбасылы екенін мүлде мойындамайтын Медет Көжекбаевты халық бойдақ деп танып келді.

Алайда, «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында әнші жары мен Асад есімді атұстары бар екенін айтып, ағынан жарылды. Осы уақытқа дейін бұл шындықты не үшін жасырып келген?

«Бастапқы кезде тыңдармандарымды жоғалтып қалудан қорықтым. Кейіннен нағыз жанкүйерлерім менің өнерімді, әнімді терең бағалайтынын түсіндім» , – дейді. Әншінің қайын жұрты да риза болуы керек , бірден бұл шешімді қолдай кетіпті.

Айта кетейік, «Арай» тобынан бөлініп шыққан сері «Адал жарым» деп аталатын жаңа туындыны жарыққа шығарды. Аты айтып тұрғандай, бұл ән Құралай есімді жұбайына арналмақ. Қиын сәтте қолдау көрсете білетін, ақты ақ, қараны қара дейтін Құралай сұлуға әншінің ықыласы да, махаббаты да зор.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.