Әбдіжаппар Әлқожа: Қазақтың еркесі боламын деген әншілер бір жерін қысып жүру керек - Жұлдыздар Әлемі

Әбдіжаппар Әлқожа: Қазақтың еркесі боламын деген әншілер бір жерін қысып жүру керек

Жариялаған: , уақыты 16.12.2018 , 1  888 рет оқылды

Соңғы кездері ашық-шашық киім, өзгеше образ, менталитетке жат бейнебаяндар күн санап көбейіп келеді. Бұл мәселеге қатысты Әбдіжаппар Әлқожа да NUR.KZ тілшісіне өзінің ақиқатын ашық айтты.

«Эстарада болғандықтан, әркімнің өз бағыты болу керек. Біреу – шашын бояйды, біреу – санын көрсетеді, біреу – басқа жерін көрсетеді. Әркімнің еркі өзінде ғой. Бірақ, мен қазақпын деп халықтың санасын түсінсе, болашағын ойласа ондай жұмыс жасамайтын еді. Олар біздің қазақты ағылшын екен деп ойлап, шатасып жүр. Сондықтан, шетелге еліктеп жүр. Біздің қазақ – рухты, намысты, батыл, ұятты халық. Алдыңғы буын аға-әпкелеріміз бізге жол салды. Сол бағытпен жүрген абзал. Батысқа еліктеп, былыққа батудың қажеті жоқ», – деді әнші.

Аға буыннан үлгі алуға шақырған хитмэн батысқа еліктеген бағыты өзге әншілердің ғұмыры қысқа дейді.

«Негізі эстарадағы ашық-шашық киініп, шаш бояп жүргендер қазақтың ортасына кіре алмайды. Біздің эстарада екіге бөлінген ғой. Орыс тілді, Еуропаға еліктегіштер бір бөлек, нағыз қазақи әншілер бір бөлек. Тіпті, отандық музыкалық арналардың өзі солай бөлінген. Негізі ондай шетелге еліктегендердің ғұмыры қысқа болады. Әрі барса, бес-жеті жыл сұраныста болар, кейін бітті, кетеді. Қазақтың тойында жүріп, қазақтың концертіне қатысатын әншілер ұзақ жасайды. Себебі, ең көп той жасайтын да, музыка тыңдайтын да, әншілерді тойға шақыратын да – нағыз қазақтар ғой. Сондықтан, қазақтың сүйіктісі боламын, қазақтың батасын аламын, қазақтың еркесі боламын деген әншілер бір жерін қысып түзу жүру керек қой», – деп турасын айтты Әбдіжаппар Әлқожа.

Жан досының батысқа еліктеген соңғы бейнебаянына қатысты әншінің еш пікірі жоқ. Оны қолдамайды да, қарсы шықпайды да екен.

«Дос – жылатып, дұшпан – күлдіріп айтады дейді ғой. Бірақ, мен ең жақын араласатын Нұрболат, Очоу секілді достарыма ештеңе дей алмаймын. Себебі, олар маған ақыл береді. Сондықтан, ақыл айта алмаймын. Оның бір көздеген межесі, нүктесі бар, діттеген мақсаты бар болып тұр. Бірақ, халық айтса – қалт айтпайды деген сөз бар. Халық оны ұнатпаса бір рет түсіріп көрді, болды енді қоя салу керек. Ендігі Нұрболатқа да өзін басқа бағытта көру маңызды болған шығар. Көрді, енді басқа бағытта жұмыс жасауы керек. Мүмкін қасындағы жігіттердің сондай берген ақылы шығар. “Ойбай” деп шошитындай емес. Шетелден сәл ұрлап, қазаққа сәл иісін беріп қойды. Одан да асып түскен клиптер бар ғой көруге ұялатындай. Олардың қатарында бұл кешірімді», – деді хитмэн..

Бұл бейнебаян туралы жан досы Нұрболат Абдуллин әншімен еш ақылдаспаған екен. Ең алғаш көрген кезде таңқалғанын Әбдіжаппар жасырмады.

«Жоқ, менімен ақылдасқан жоқ. Ол ән, бейнебаян мәселесінде менімен ақылдаспайды. Тек жуырда деген роликті көрген кезде ғана «молодец» деп қоямыз. Нұрболатпен бәсекелестік жоқ. Оның әр биігіне, шыңына қуанамын, мақтанамын», – деді Әбдіжаппар.

Дереккөз: Nur.kz

‡агрузка…

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.