Осы жылы шыққан үздік дорамалар - Жұлдыздар Әлемі

Осы жылы шыққан үздік дорамалар

Жариялаған: , уақыты 13.12.2018 , 1  246 рет оқылды

Қазіргі таңда корей сериалдарын яғни дорамаларды сүйіп көретін жандар жетіп артылады.

“Жұлдыздар әлемі” медиа порталы осы жылы шыққан үздік дорамаларды назарларыңызға ұсынады.

Ким хатшыға не болды?

Осы жылы жарыққа шығып, көрермендердің көзайымына айналған дораманың бірі “Ким хатшыға не болды?” телехикаясы.

Басты рөлдерде Пак Со Джун мен қазақ көрермендеріне “Хилер”, “Қалалық аңшы” дорамалары арқылы танылған Пак Мин Ён ойнайды.

Үлкен компанияның басшысы мен 9 жылдық тәжірбиесі бар xатшының арасындағы маxаббат баяндалатын туынды.

Бай жігіт

Басты рөлдерде атақты “EXO” тобының әншісі Сухо мен Ха Ен Су ойнайды. 

Дорама сипаттамасы: Ли Ю Чан – ауқатты компаниясының гендиректоры. Оның компаниясына жұмысқа тұру әрбір жастардың арманы.Ли Ю Чан дөрекі әрі бірбеткей болғанымен қоса, ол ешбір адамдарға сенбейді әрі ол адамдардың түрін есінде сақтай алмайтын диагнозбен ауырады.
Ким Бо Ра – Чеджу аралында туған қыз. Ол өзінің отбасының мақтанышы болып қана қоймай, өз туған жерінде ақылдылығымен белгілі. Оның ерекше қабілеті барлығын есте жақсы сақтау. NEXT IN компаниясында жұмыс істеуді армандаған ару, Ли Ю Чанмен кездескеннен бастап екеуінің де өмірі күрт өзгереді.
Мин Тэ Дж – компания вице-президенті,сыпайы әрі көрікті жігіт, ол Ли Ю Чанның серігі.
Мин Тэ Ра – вице президент Мин ТэДжудың қарындасы.

Сен де адамсың ба?

Басты рөлдерде: Со Кан Джун, Гон Сын Ен

Дорама сипаттамасы: Нам Син (Со Кан Джун) — үлкен компанияның мұрагері. Жол апатынан кейін ол комаға түсіп қалады. Оның анасы О Ро Ра (Ким Сон Рён) робот жасаудың хас шебері. Ол Нам Син III атты роботты жасап шығарады, ол робот өзін нағыз Нам Синмін деп қабылдайды.

Кан Со Бон (Гон Сын Ён) — спортсмен ару, мықты қайсарлы қыз, ол роботты арнайы күзетшісіне айналады. Оның кейіпкері өте қатты, қайратты қыз бірақ іштей ол сондай мейірімді ару.

Уақыт

Дорама сипаттамасы; Чон Су Хо Tres Bien мейрамханасының директоры.Некесіз бала болғандықтан кішкентайынан әкесінің отбасынан тек салқындықты көріп өседі.Соның нәтижесінде ол салқынқанды,қатігез жігітке айналады.Бір күні ол өзінің аз ғана ғұмыры қалғанын біледі.Ол қалған уақытында кезінде өзі өмірін құртқан қызға көмектеспек болады.
Соль Джи Хен кішкентайынан бас аспаз болуды армандайды.Өзінің ашық-жарқын,ақкөңіл мінезімен ол адамдардың көңілін таба біледі.Бірақ бір күні оның өмірі тоқтап қалғандай болды…Сүйікті сіңілісінен айрылып қалған ол енді не істемек?

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.