fbpx

Әбдіжаппар Әлқожа: Бір той маусымында 20 миллион таптым, ал бір жылда…

Жариялаған: , уақыты 06.12.2018 , 667 рет оқылды

Соңғы уақытта жұлдызы жанып, әндері шетінен хитке айналған Әбдіжаппар Әлқожа бір той маусымында қанша пайдаға кенелгенін айтты. Бұл туралы “Хит-ТВ” арнасының “Хедлайнер”бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жыл сайын өзіне есеп беретін әнші былтыр өзі үшін табысты жыл болғанын жасырмады.

“Көбіне әннің тақырыбына қараймын. Олардың басқалардан өзгешеленіп тұрғанын қалаймын. Бүгінде 17 бейнебаян түсіріп үлгердім. Клипке түскен қыздардың ең төмені 200 доллар гонорар алады”, – деген әнші өзінің той маусымында қанша тапқанын айтты.

“Осы жылды айтпай-ақ қояйын. Бірақ 2017 жылғы табысым жақсы болды. “Тәтті ару” атты әнім шыққалы, тойға сұраныс көбейді. Бір жылда емес, бір той маусымында 20 млн жинадым. Бұл менің есептеуім”, – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.