Рүстем Нұржігіт пен Динара Сәтжан бірге ме? - Жұлдыздар Әлемі

Рүстем Нұржігіт пен Динара Сәтжан бірге ме?

Жариялаған: , уақыты 07.11.2018 , 1  935 рет оқылды

Желіде тарап кеткен Рүстем Нұржігіт пен Динара Сәтжанның бірге түскен суреттері екеуінің де оқырмандарын ойландырып тастады. Ал олардың қосыла вальс билеген видеосын көрген көпшілік шоу-бизнес өкілдерін бірден жұптастырып қойған деп жазады NUR.KZ.

Екі жұлдыздың би билеп жүрген сәтін өз парақшасына әншінің әпкесі, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт те жүктеп қойды.

Желідегілер олардың жиі көрісуінің себебін біле алмай әлек болған. Алайда оқырмандардың Рүстем мен Динараның қарым-қатынасы жөніндегі болжамы расталмай шықты.

Анықталғандай, желіде тарап кеткен аталмыш суреттер мен видеолар бейнебаян түсірілімі барысында жасалған.Динара Сәтжан әнші Рүстем Нұржігіттің клипінде басты рөл сомдайтын болып шықты.

Бұған қарамастан, желі оқырмандары әншінің өз бейнебаянында сүйіктісін ойнауға танымал тележүргізушіні таңдауы бекер емес деп ойлауда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Рүстем інім жаңа клип түсіріп жатыр.@dinarasatzhan сұлу клиптің сәні болды.Рақмет,Динара! Жуырда эфирде! @r_nurzhigit @gaukharimankulova

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.