Ринат Зайытов: “Меломен” тобын екі аяғымды көтеріп қолдаймын

Жариялаған: , уақыты 20.05.2018 , 2 765 рет оқылды

Осыдан біраз уақыт бұрын “Ninety one” мен Байзақованы сабамақ болыып, сынға ұшырап, заң алдында жауап бере жаздаған “Меломен” тобын Ринат Зайытов қолдап шықты. Аталмыш топтың ата-аналары қарсы шығып, істі сотқа жеткізбек болғанда “Меломен” жігіттері кешірім сұрап тынған болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Ал бүгін Ринат Зайытовтың өздеріне қолдау білдіргенін “Меломен” тобының әншісі Ролан Қазретов Instagram парақшасына салып қойды.

Видеодан белгісіз ер адаммен сөйлесіп отырған ақынды көруге болады. Ол “Ninety one” тобына қатысты қоғамдағы дауды дұрыс деп шешім қабылдап, “Екі аяқ, екі қолымды көтеріп қолдаймын” деп айтады.

Мұны көрген желі қолданушылары қайтадан ашуға мінді.

Олар “Ең болмаса ораза айында тыныш жүрсеңіздерші”, “91 тобы сонша өшігетіндей сіздерге не істеді?”, “Сыртынан ғайбаттауға болады ма екен?” деп жарыса жазды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.