“КешYou” тобының құрамы тағы да өзгерді

Жариялаған: , уақыты 19.05.2018 , 3 308 рет оқылды

Баян Мақсатқызының Shine Production компаниясының YouTube каналында “Кешью” тобының құрамынан тағы бір әншінің кетуі туралы ақпарат тарады. Онда жарияланған видеода Элизат Берікованың топтың Instagram парақшасынан мүлдем көрінбей кеткені айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Парақшада “Кешью” тобынан Элизат кетіп, Жұлдыз Өмірғали келіпті”, – деген тақырыппен видео жарияланған.

Видеода Элизаттың тұрмысқа шығып кетуі мүмкін екені айтылған. Себебі әнші парақшасындағы бүкіл суреттерді өшіріп тастап, ұялы телефоны да байланыс аясынан тыс жерде болып қалған. Сондай-ақ, желіде топтың тойларға Элизаттың орнына Жұлдыз Өмірғалиді алып шығып жүрген видеолары да тарап кеткен.

Демек, жуырда Элизаттың орнына Жұлдыздың келуі де ғажап емес, делінген видеода.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.