Ұлының сахнаға шығуына қарсы болған Нағима Есқалиева ұлының өнерін мойындады ма?

Жариялаған: , уақыты 18.05.2018 , 1 213 рет оқылды

Нағима Есқалиева көптен бері сахнадан да, телеарналардан да көрінбей кетті. «X Factor» жобасында сахнаға шығып ән орындаған Диас Аблаевтың өнеріне анасының қарсылық танытқаны белгілі. Ол кезде Нағима Есқалиева аталмыш жобада әділқазы еді. Ал бүгінгі күні Диас Аблаев халыққа өзіндік ерекше ән айту стилімен танымал. Ол қазақ шоу бизнесінде өзіндік бағытын қалыптастырды. Диас Аблаевтың дауыс тембрін басқа әншілермен шатастыру мүмкін емес.

Қазіргі таңда Нағима Есқалиева ұлының талантын мойындады ма? Олар «Сәлем, ұлы дала» жобасында бір сахнада өнер көрсете ме? Жобаның осы шығарылымы әртүрлі жастағы көрермендерге қызықты болмақ. Нақтырақ айтсақ, сахнада өзіндік орны бар екі үлкен артистің тоғысуы: ана мен бала арасындағы ән шашуды жіберіп алмаңыздар. Олай болса, бір әулеттен шыққан әншілердің бір сахнада өнер көрсету сәтін 20 мамыр «Хан шатыр» ойын-сауық орталығынан, сондай ақ Жетінші арнадан тамашалай аласыздар.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.