Шімән апа жаңа бейнебаян түсіруде

Жариялаған: , уақыты 16.05.2018 , 130 рет оқылды

Шімән апа образымен қалың көпшілікке танылған Ерболат Төлегенов жаңа бейнебаян түсірді. Су жаңа бейнебаянға Жасұлан Базарбаев, Марат Балмырза және өзге де танымал жандар түсті.

“Қазақ халқы салт-дәстүрге оның ішінде ырымға сенген халық сондықтан “Ырымдар” – деп аталатын әнге бейнебаян түсіруге бел будық. Бұл жолы клипті белгілі режиссер Азамат Ержанұлы түсіруде ол өзінің кәсіби маманы ғой, сондықтан барлығын біледі. Өз басым бұл туындыны асыға күтемін” – дейді Шімән апа.

Ал жас сазгер Марат Балмырза бұл әнді 1 сағаттың ішінде жазып тастаған, бейнебаян болса 16 сағат түсірілді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.