Баян Алагөзова кастинг жариялады

Жариялаған: , уақыты 16.05.2018 , 2 557 рет оқылды

Продюсер Баян Алагөзова жаңа толықметражды фильміне кастинг жариялауда. Бұл туралы “Жұлдыздар әлемі” порталы хабарлайды.

Баян Алагөзова басқаратын “Shine production” ұжымы жаңа фильмнің түсіріліміне кіріспек. Фильмге 20-25 жас аралығында ер-азаматтар мен 17-23 аралығында арулар іздестірілуде.

“Назар аударыңыз, кастинг! “Shine production” ұжымы жаңа фильмнің түсіріліміне кіріспек. Басты кейіпкерлер іздестірілуде. 20-25 жас аралығындағы жігіт, бойы кем дегенде 180 сантиметр, дене бітімі спорттық, сымбатты әрі актерлік қабілеті болуы тиіс. Сонымен қатар 17-23 жастағы 165 сантиметрден кем емес, актерлік қабілеті бар әрі сұлу аруды іздестірудеміз. Фото мен видео, анкетаңызды shine.kasting@gmail.com мекен-жайына жібере аласыздар” – деп жазды инстаграм желісіндегі парақшасына.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.