Рүстем Қайыртайұлы: Ұлттық арнаны “Қабатовстан” дей береміз ау

Жариялаған: , уақыты 14.05.2018 , 1 190 рет оқылды

Танымал айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы “Қазақстан” Ұлттық арнасын сынға алды.

“Қазір Тұрсынбек Кәкішевтің емес, Тұрсынбек Қабатовтың ғасыры бұл” – деген ақын Ұлттық арнаға өз ренішін білдірді.

“Ұлттық арнаны “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау. Бір емес, бірнеше бағдарламасын ең ыңғайлы уақытта көлдей ғып эфирден көрсетеді. Көрсетсін, мақұл, аман болсын. Бірақ, неге айтысты бөрі тартқан тоқтыдай қылып жұлмалайды екен, ә. Әзіл ойдан жоғары, күлкі тағылымнан жоғары болды деген осы міне. Бір айтысымыз шығып еді 40 минуттық айтысты 17 минуттық қылып арасын әкәку-сәкәкумен толтырған да тастаған. Өз сөзімізді өзіміз танымай отырмыз, басқаларға өкпе бар ма…” – деп жазады ақын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.