Dinaya: Бұл сезімнің мәңгілік болғанын қалаймын

Жариялаған: , уақыты 06.05.2018 , 1 674 рет оқылды

Елімізге танымал отандық продюсер Ринат Гайсиннің Ademi есімді әншімен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Есімін өзгертіп, “Dinaya” атауымен танылып жүрген бойжеткен бұл жайында “Если честно” бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ

Бұл жайында әншінің өзі айтып берді.

“Біз танысқан сәттен бастап ол маған қолдау білдіре бастады. Әндерді тегін жазып берді. Сол сәтте маған қолдау керек болатын. Тіпті сезімімнің қашан пайда болғанын да білмеймін. Ол кісі үнемі менің қызығушылығымды тудыратын. Мен бұл сезімнің мәңгілік болғанын қалаймын”, – деп ағынан жарылды Dinaya.

Айта кетейік, желі қолданушылары осыдан біраз уақыт бұрын өнер иелерін жұптастырып үлгерген болатын.

 Алайда осы уақытқа дейін жұлдыздар бұл жайында жақ ашпай келген. Dinaya-ның бір ұлы бар. Ал Ринат Гайсиннің 4 баласы мен жары бар. Бұл жаңалықты естіген оқырмандары композитордың әйелінен әлі күнге ажыраспағанын айтып берді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.