Байзакова VS Меломен: Байзакова “Меломен” тобын сабаған адамға 1000 доллар бермекші

Жариялаған: , уақыты 06.05.2018 , 1 366 рет оқылды

Атышулы блогер Айжан Байзақова «Меломен» тобында ән айтатын үш жігітті қамшымен сабап, оны видеоға түсірген адамға 300 мың теңге сыйақы беруге дайын екенін мәлімдеді.

 Бұл туралы Sn.kz xабарлайды.
Есте болса бұған дейін аталған топ жігіттері рэпер Жан Ахмадиевке қамшымен бірге жылқы сыйлайтындарын, алайда сол қамшымен рэпер Айжан Байзақова мен Ninety One тобының әншілерін сабау керектігін айтқан болатын. «Меломендік» жігіттерге Айжанның жиі жалаңаштанып, балағат сөздер айтқаны ұнамаса керек. Ал, Ninety One тобының әншілері өздерінің сырт келбеті үшін талай рет сынға ұшырап келеді.
Еске салайық, Жан Ахмадиев осыдан бірер ай бұрын Алматыда көше бойында тұрған жезөкшелерді қамшымен ұрып басы дауда қалған болатын. Іске полиция араласа бастағанда рэпер ешкімді ұрмағанын, мұның бәрі алдын ала жоспарланған қойылым екенін айтып ақталды. Ал, жезөкшенің ролінде оның әйелі болыпты.

Бір пікір

  1. Мадина

    19.05.2018 at 16:31

    Айжан Байзакованики дурыс емес. Себеби жаланаштанып богауыз соз айту кыз баласына жараспайды

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.